» » Өткен жылы Аралда жаңа аурухана пайдалануға берілді

Өткен жылы Аралда жаңа аурухана пайдалануға берілді


Өткен жылы Арал ауданында заманауи медициналық аппараттармен, медициналық және кеңселік жиһаздармен жабдықталған жаңа аудандық орталық аурухана пайдалануға берілді, деп хабарлайдыKyzylorda-news.kzақпараттық агенттігі.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлім етті.

«Жаңа аурухана Жапония, АҚШ, Германия, Ресей, Ұлыбритания елдерінің емдеу-диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Сондай-ақ, Қамыстыбас, Қарақұм, Аманөткел дәрігерлік амбулаторияларына да жаңа медициналық жедел-жәрдем автокөліктері берілді», - деді Мұхтар Оразбаев.

Сонымен қатар, аудандық ауруханаға жағдайы ауыр науқастарды облыс орталығына жеткізу үшін арнайы медициналық жабдықтармен жабдықталған реанимобильді автокөлік сатып алынған.

05 ақпан 2019 ж. 903 0