Аралдағы медициналық қызмет сапасы
«Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады. Жапония, АҚШ, Германия, Ресей, Ұлыбритания елдерінің заманауи емдеу-диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған жаңа аурухана көз сүйсіндіреді. Мұндай аурухананың дәрігерлері мен мамандары да жан-жақты болуы тиіс. Дәрігерлердің біліктілігін көтеру мақсатында 2 дәрігер Татарстан Республикасының Қазан қаласында тәжірибелік білім жетілдіру орталығында оқып келген.
Жағдайы ауыр науқастарды облыс орталығына жеткізу үшін аудандық ауруханаға арнайы медициналық жабдықтармен жабдықталған реанимобильді автокөлігі алынуы және Қамыстыбас, Қарақұм, Аманөткел дәрігерлік амбулаторияларына жаңа медициналық жедел-жәрдем автокөліктерінің берілуі тұрғындардың талап-тілегін қанағаттандырған игі істердің бірі болды».








