» » Ақбайдағы фелдшерлік бекеттің ашылуы

Ақбайдағы фелдшерлік бекеттің ашылуы

Ақбайдан ақпарат

Ұлы мереке 16-желтоқсан Тəуелсіздік күні қарсаңында Ақбай елді мекенінің тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді.
 Себебі, ауылда жаңа фельдшерлік амбулатория пункті пайдалануға беріліп отыр. Жаңа нысанның құрылысын Ақбай ауылының тұрғындары ұзақ жылдан бері күтіп келеді. Жалпы елді мекенге жаңа медпункт салу мәселесі осыдан бірнеше жыл бұрын көтерілген еді. Биыл ауыл тұрғындарының тілегі орындалып, Тəуелсіздік күні қарсаңында жаңа ғимарат ел игілігіне берілуі бұйырған екен. Медпунктің салтанатты ашылу рәсіміне Арал ауданы əкімі М.Оразбаев пен ақсақалдар алқасының төрағасы Т.Жүсіпов пен осы саланың зейнеткер дəрігері К.Кішкенебаева қатысып, жаңа нысанның лентасын қиды. Аудан əкімі М.Оразбаев ауыл тұрғындарын ерекше қуанышпен құттықтады.Ел игілігі үшін жасалынып жатқан қарқынды жұмыстар үшін ауыл тұрғындарының атынан алғыс білдіреміз.
 


 
Баекеева Алтынай
дың ФБ-дағы парақшасынан
 

13 желтоқсан 2018 ж. 980 0