» » ВИЦЕ-МИНИСТР ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ВИЦЕ-МИНИСТР ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын түсіндіру бойынша Қызылорда облысына келген ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева 17 қазанда аймақтың денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Л.Ақтаева Жолдаудың басым бағыттары бойынша денсаулық сақтау саласында атқарылатын жұмыстарды және алдағы жоспарларға тоқталды.

Сондай-ақ, халыққа сапалы қолжетімді медициналық көмек көрсету, кадр мəселесі және емдеу ұйымдарының заманауи қондырғылармен жабдықталып, өзара əріптестікті жолға қою мәселелерін айтып өтті.


 
 

https://syr-media.kz/news/6133-vice-ministr-yzylordaly-drgerlermen-kezdest.html 
18 қазан 2018 ж. 803 0