» » Біртанов дәрігерлердің айлығын көтеру үшін қандай шаралар қарастырылғанын айтты 

Біртанов дәрігерлердің айлығын көтеру үшін қандай шаралар қарастырылғанын айтты 

2018 жылғы 5 қыркүйек 17:45 


АСТАНАҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлердің айлығын көтеру үшін қандай шаралар қолға алынғанын айтып бердідеп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Тағы бір мәселе - ол кадр даярлау мәселесікадрдың жетіспеушілігіҚазірі күні жылдан жылға кадр тапшылығын төмендетіп жатқанымызбеншынын айту керекжергілікті деңгейдеәсіресе ауылдарда кадрлар жетіспейдіОсы мәселені шешу үшін біз біріншіден жергілікті деңгейде түрлі-түрлі материалдық қолдау беріп жатырмызОсы жұмысты әкімдіктермен күшейту бойынша Үкімет басшысы тиісті тапсырма бердіҚай әкімдік қандай көмекті беріп жатқанын көріп отырмыз», - дейді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатындаОның айтуыншажүйелі түрдегі медициналық қызметкердің айлығы туралы да айту қажет. «Біз мемлекеттік Денсаулық сақтау бағдарламасы негізінде арнайы шараларды жоспарлағанбызӘр медициналық мекеме өз мүмкіндіктеріне қарай айлықтың деңгейін өздері белгілейдіҚазір мемлекеттік ұйымдардағы 85 пайыз жаңа формаға көштіСодан біз ай сайын мониторинг өткіземізӘринекадр тапшылығы жылдам шешіліп жатыр деп айтуға болмайдыБірақкөп жағдайда әкімшілік шығыстардыкөп ұйымдардың санын қысқарттықОсы арқылы дәрігерлердің айлығын көбейту мүмкіндігі барСоны біз бақылап отырмыз», - дейді министрЕлжан Біртанов сонымен қатаралғашқы медициналық көмек деңгейінде жалпы практикалық дәрігеручаскелік дәрігер мен мейірбикелердің жалақысын көтеру үшін ұсыныстар енгізілгенін тілге тиек етті. «Жаңа технология енгізіп жатқан әріптестерімізге келесі жылдан бастап жалақысына қосымша төлем енгіземіз деп жоспарлап отырмызАйтып өткеніміздей көп жағдайда дәрігерлерге түсетін жүктеме өте жоғарыОған дәлел ретінде поликлиникада кезекті көп күтіп отырған азаматтарды айтуға боладыӘринебіздің стандарт бойынша әр дәрігерге тіркелген халықтың саны 1 700 адамнан аспауы керекБірақөкінішке қарай дәрігерлердің жетіспеушілігіне байланысты қазіргі күні бұл көрсеткіш 1 950 адамнан болып тұрБіз оны бақылауға алып отырмызАй сайын мониторинг жасаладыБір жылдың ішінде бір дәрігерге түсетін жүктеме 60 адамға азайдыНәтиже ретінде көріп отырмызпрофилактикалық қызметтердің саны 23 пайызға көтерілдіОл алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі жақсарып келе жатқанын көрсетеді», - деді Елжан Біртанов.     


Автор: Аян Бекенұлы


 
https://www.inform.kz/kz/birtanov-darigerlerdin-aylygyn-koteru-ushin-kanday-sharalar-karastyrylganyn-aytyp-berdi_a3380320 

06 қыркүйек 2018 ж. 4 985 0