» » МӘМС: Жаңа жүйенің тиімділігі неде?

МӘМС: Жаңа жүйенің тиімділігі неде?


Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарының 80-ші қадамында айтылғандайеліміздің денсаулық сақтау саласының қызметі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМСжүйесі негізінде іске асырылуда

«Міндетті әлеуметтік меди­ци­­налық  сақтандыру жүйесі» ту­ра­лы заң 2015 жылдың 16 қара­ша­сында қабылдандыОсы Заң аясында «Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (әрі қарай Қорқұрылды. 2017 жылдың маусым айында аталған қордың филиалдары еліміздің әрбір облыстарында ресми түрде ашылды.  Шілде айынан бастап жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер жә­не азаматтық құқықтық шарт арқылы жұмыс атқаратындардан ауда­рымдар мен жарналар тұрақ­ты аударылып келедіОсы орайда жүйеге енгізілген өзгерістер мен бүгінгі жұмыс барысы туралы «Әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру қоры» КЕАҚ облыс  бойынша филиа­лының директоры Бақыт Исмаханбетовпен сұхбаттасқан едік.

– Бақыт Торғайбайұлыөт­­­кен жылдың шілде айынан бас­­­­­­­тап жұмыс берушілер мен кәсіп­­­­керлер және азаматтық құ­қықтық шарт арқылы жұмыс жасау­шылар тұрақты түрде жар­на төлеуге кірістіБірқатар өзгерістер енгізілгенінен хабар­­­дар­мызНақ­ты қандай өзгеріс­тер орын алуда

– «МӘМС» заңына сәйкес әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қорына төленетін жарналар мен аударымдар 5 түрлі форматпен жүргізіледіОларәлеуметтік қорғал­маған азаматтарға мемлекеттің жарнасыжұмыс берушінің әрбір жұмысшыға аударатын аударымдарыжұмыскерлер жарналарыжеке кәсіпкерлер жарналары (2 ЕТЖКданжәне Белсенді емес тұрғындар  (1 ЕТЖКдан).

2017 жылдың шілде мен жел­тоқсан айларында жұмыс берушілер жұмыскерлеріне ай­лық табысының 1% көлемінде өз пайдасынан төледіал жеке кә­сіпкерлер сол жылғы ең тө­мен­гі айлық жалақының 2 есе­леген мөлшерінің 5%-і көле­мінде және азаматтық құ­қықтық келісім-шарт негізінде жұмыс атқаратындарға айлық табы­сының 5%-і көлемінде жарна мен аударымдар аударып отырдыӘлеуметтік қорғалмаған аза­маттарға мемлекет жарнаны 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен екі жылды қоса алғандағы орта айлық жала­қы­ның 4% көлемінде 14 санат бойын­ша ай сайын аударып отырадыАударылған аударымдар мен жарналар Ұлттық банкте сақ­талады және Қордың ресми сайтында ашық көрсетілім табады.

МӘМС жүйесінің заңына то­лықтырулар мен өзгерістер енгізілуіне себепкер болған елі­міздегі әлеуметтік мәрте­бесінің мемлекеттік ақпараттық жүйелерде өзектендірілмеген белсенді емес халықтардың санағына байланысты болып келдіСоған сәйкес тек МӘМС жүйе­сіндегі көрсетілетін меди­циналық қызметтердің енгізілуі екі жылға кейінге шегерілдіяғни 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылады және аударымдар мен жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерлерінде де өзгерістер болдыАтап айтқанда, 2018-2020 жылдарға белгіленген МӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшері жұмыс берушілер (оның ішінде ЖК мен ШҚ иелері өз жұмыскерлері үшін жұмыс беруші ретінде) 2018-2019 жылдары – 1,5%, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап – 2%, жеке тұлғалар 2018-2019 жылдар төлемейді де, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖК (өзі үшінекі еселенген ең төменгі жалақыдан – 5%, АҚК негізінде еңбек ететін тұлғалар 2020 жылы айлық табысынан – 1%, 2021 жылдан бастап – 2%, өзге санаттар ең төменгі жалақыдан – 5%. Мемлекет  2020 жылы жеңілдігі бар санаттар үшін мемлекеттік статистика органы тарапынан өткен 2 жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4% көлемінде жарна аударады («МӘМС» заңының 26-бабы 2;3 тармақтары бойынша), жұмыс беруші жалдамалы жұмыскерлердің табысынан алынатын жарнаны ұстап қорға аударып отырады (2020ж – 1%, 2021ж – 2%).

Айта кету керекқазіргі кезде арнайы Денсаулық сақтау заңына және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңдарына өзгерістер мен толықтырулар жасау жағдайлары қаралудаСол себептен МӘМС жүйесінің толық жұмыс жасауына кедергі келтірген белсенді емес тұрғындар жыл соңына дейін нақтылансаонда жүйе 2019 жылдың 1 қаңтарынан енгізіліп кетуі мүмкінОсы уақытта тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакеті және Медициналық сақтандырудың медициналық пакеттерін нақты бекіту жұмыстары жүргізілуде.

– Қордың қазіргі жағдайы туралы айтып өтсеңіз.

– Әлеуметтік медициналық сақтан­ды­ру қорының мақсаты – кепілден­ді­­ріл­ген тегін медициналық көмек па­ке­­ті­нің қаржы операторыал жақын бо­ла­шақта медсақтандыру пакеті бойынша стратегиялық сатып алушы ретінде же­ке­меншік секторды қызмет көрсетуге көбірек тартусол арқылы медицина нары­ғында бәсекелестікті күшейтуӨйт­кенібәсеке бар жерде сапа боладыОсы мақсатта өткен жылдың қыркүйек айында Қор аталған бағдарлама шеңберінде қызмет көрсетуге ниетті денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын жасаған болатынДереққорға енгізілген медициналық мекемелер 2018 жылға халыққа «Тегін ме­дициналық көмектің кепілдендірілген көлемі» бойынша көмек көрсететіндерЕліміз бойынша мемлекеттік тапсырыс­ты орындауға ниеттіәрі әлеуеті жетеді де­ген 1600-ден астам денсаулық сақтау субъектісі дерекқорға ендіОның 49 про­центі – жекеменшік клиникаларБұл же­ке­меншік ұйымдардың қор бастамасын қол­­дапмедициналық қызмет көрсетуде бел­­сенділік танытқанын көрсететін негізгі дәйек.

Облыс бойынша айтар болсақҚордың дерекқорына қазіргі таңда 83 ме­дициналық мекеме тіркелдіоның 49-ы – жеке клиникабұл былтырғы жылмен са­­лыстырғанда 2 есеге  артықҚазіргі уа­қытта облыс бойынша 36 млрд теңгеге 65 ме­дициналық мекемемен келісімшарт жа­салдыОның 34-інемесе 52%-і жеке­мен­шік клиникалар үлесіндеБиыл кепіл­ден­ді­рілген көмек пакеті шеңберінде қызмет көр­сететін жекеменшік клиникалар саны өт­кен жылмен салыстырғанда 30 %-ке  артты.

Өткен жылы Қор тұңғыш рет меди­циналық қызметтерді жеткізу­шілерменсоның ішінде емханалармен жұмыс істеуді қолға алған болатынОлармен бекітілетін келісімшарт сомасы тіркелген тұрғындар санына тәуелдіЖыл басынан бері елімізде кейбір емдеу мекемелерінің азаматтар атынан тіркеу жөнінде жалған өтініштер жазыполарды өздеріне тіркегені туралысондай-ақтіркеуден ешбір негізсіз бас тарту фактілері туралы шағымдар түстіҚазір Қор мамандары осындай шағымдар негізінде жан-жақты жұмыс істеудеАлайда мәселені түбегейлі шешу үшін азаматтардың құжаттарын қабылдау тәртібін өзгертіппроцесті адам факторларының қатысуынсыз ықпал ету керекСондықтан қазір осыны ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер реестріне енгізу туралы ұсыныс дайындалып жатырЖоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырыптіркеу ережесіне де толықтырулар енгізу көзделудеӘринежаңа қызметтерді іске қосуға біраз уақыт қажетСондықтан Қор осы бағытта жұмыс басталған кезде қосымша хабарлайтын боладыОған дейін азаматтарды емханаға тіркеу тәртібі бұрынғыша: egov.kz порталы немесе емханалардың тіркеу бөлімі арқылы жүргізіле бермекБұдан басқа,  қазақстандықтарға сақтандыру төлемдері жайлы мәлімет алуға мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік қызмет түрлерін әзірлепемханаға тіркеу процесін жетіл­діру жоспарланып отырАтап айтсақбұл бағытта азаматтар МӘМС жүйесіне қатысу және төленген жарналар туралы мәліметті халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алу мүмкіндігіне ие болмақМысалықазір осыған ұқсас қызметтерді «электронды үкіметтің» egov.kz порталы арқылы алуға боладыОл үшін электронды цифрлық қолтаңба қажетЦифрлық қолтаңбасы бар кез келген азамат «жеке кабинетке» кіріпМӘМС төлемдерінің соңғы рет қашан жасалғанын анықтап біле алады.

– Тегін медициналық көмектің ке­піл­дендірілген көлемі пакеті (ТМКККпен МӘМС жүйесінің меди­циналық пакеттері туралы жан-жақты түсіндіре отырсаңыз.

– Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі Мемлекет басшысының биылғы Жолдаудағы тапсырмасы негізінде оңтайландырылып жатырТегін медициналық көмектің жаңа нұсқасы әрбір адамға шұғыл және алғашқы медициналық көмек көрсетугеқоғамдық мәні бар ауруларды мемлекеттік бақылауға алуға негізделгенАлтегін меди­циналық көмектің кепіл­ден­дірілген көлемі паке­ті­нің жаңа үлгісімен қатар енгі­зілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті оның кем-кетігін толықтырыпазаматтардың өмір сапасын жақсартуғаұлт саулығының іргетасын қалауға ықпал етпек.  Яғнишұғыл көмек пен мем­лекет тарапынан реттеуді талап ететін саланың бәрі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі пакеті есебінен жүзеге асырыладыАлкепілдік берілген тегін көмекке кірмейтін қосымша қызметтер МӘМС жүйесі арқылы көрсетіледі.

Амбулаторлық деңгейде берілетін тегін дәрі-дәрмекті әлеуметтік маңызы бар аурулар да, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шең­берінде динамикалық бақылауға алынатын науқастар да ала алады. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кірмейтін науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету МӘМС есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар қазіргі кезде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен МӘМС жүйесінің медициналық пакеттері кезең-кезеңмен жүзеге асуда. Тегін меди­ци­налық көмектің кепілдендірілген кө­ле­мі жаңа үлгісіндегі меди­циналық паке­ті бойынша барша азаматтарға жедел жәрдем және санитарлық авиация, бастапқы медициналық-санитарлық кө­мек, шұғыл жағдайларда ста­ционарды ал­мас­тыратын және стационарлық кө­мек пен паллиативті көмек кіреді. Ал, әлеу­меттік маңызы бар аурулар, негізгі созылмалы аурулар кезінде консультативті-диагностикалық қызмет, ам­бу­латорлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жос­парлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек және туберкулезге шалдыққандарды медициналық оңалту жатады.

МӘМС (сақтандырылғандарға ар­нал­­ған) жаңа үлгісіндегі меди­ци­на­лық пакетіне консуль­тативтік-диаг­нос­тикалық көмек, ересектерді про­фи­лактикалық тексеруден өткізу, бала­ларды мамандандырылған деңгейде тексеру, бағасы қымбат зертханалық қызметтер кіреді.

Сұхбаттасқан

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы».

http://www.syrboyi.kz/suhbat/23778-mms-zhaa-zhyen-timdlg-nede.html 

22 тамыз 2018 ж. 1 705 0