» » АРАЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

АРАЛДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ


Арал ауданына биыл медициналық қызметтің сапасын жақсарту бағытында бірнешеарнайы құрал-жабдықтар жеткізілді.Оныңішінде еңмаңыздысы - «ВВNURA» гемодиализ орталығыныңашылуы болды. Қазіргі таңда, шипа іздегенжерлестеріміз алысқа ұзамай, осы орталықтантиісті емдерін алып жатыр, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, биыл жаңа типтегі аудандық орталық аурухана құрылысы басталды. Құны 4,5 млрд теңге болатын құрылысқа биыл жылға 1,1 млрд. теңге бөлініп, жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Ауданда 2017 жылдың 10 айында 1415 бала туылып, туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда өсіп отыр.
Жыл басынан бері қан айналымы жүйесі аурулары бойынша алғаш рет тіркелген аурулар саны 3446-дан 2477-ге дейін азайған.
Туберкулез ауруымен былтырғы жылдың 9 айында алғаш рет тіркелгендер саны 36 болса, биылғы жылдың 9 айында 35 –ті құрап, ауру көрсеткіші төмендегені байқалады.
https://syr-media.kz/news/725-aralda-medicinaly-yzmet-sapasy-zhasaryp-keled.html 
22 қараша 2017 ж. 854 0