Ауруханада «Дүниежүзілік денсаулық күнінің» аталып өтуі

«Амбулаториялық емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да ОДСБ-ның 04.04.2018 жылғы №289 «Денсаулық күні акциясын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес 2018 жыл 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған «Сау болу – сәнді!» Ұлттық бағдарламасы аясында іс – шаралар өткізілді.
Аудан халқы арасында белсенді және салауатты өмір салтын насихаттау мен әрбір азаматтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру оңды қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында аудан емдеу алдын алу ұйымдарында «Сау болу - сәнді!»ұранына сәйкес емханаға қарасты тұрғындарға арнап, қант деңгейі мен қан құрамындағы холестеринді, Кетле индексі мен бел көлемін тегін анықтау арқылы Ашық есік күні өткізілді.
Осы денсаулық күніне орай Арал қаласының орталығында адам көп шоғырланатын «Қанағат» базары мен «Бекет» автотұрағында«Сау болу - сәнді!» ұранымен акция болып өтті.
Акцияға аудандық емхана қызметкерлері, яғни дәрігер, психолог, медбикелер, жастар денсаулық бөлімшесінің мамандары қатысты. Акция барысында 134 адамның қан қысымы өлшеніп, 77-сінен қандағы холестерин деңгейі анықталды, бой, салмақ өлшенді. Тұрғындарға дәрігерлік кеңестер беріліп, денсаулықты сақтау мен нығайтуға, шылымқорлық пен ішімдікті тұтынудан бас тарту, дұрыс тамақтануды ақпараттандыру мақсатында ақпараттық-танымдық материалдар, яғни бүктемелер мен үнпарақшалар таратылды.
Сондай-ақ аудан орталығындағы "Қарлығаш" бала бақшасы тәрбиленушілеріне тазалық гигиенасы, дұрыс тамақтану, аурулардың алдын алу бойынша сабақ өткізілді (астыңғы суретте)
- 0








