» » АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК ЕТЕМІЗ

АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК ЕТЕМІЗ


                    Мен әрбір жанның өз елінде жұмыс істеп, еркін өмір сүруіне жағдай жасап келе жатқан Отанымның барына мақтанамын. Бүгінде медицина саласында еңбек етіп келе жатқаныма 30 жылдай уақыт болды. Осы жылдар ішінде мен аталған медицина саласына көрсетілген қолдаудың қаншалықты деңгейде екенін көріп, сезініп жүрмін. Бір сөзбен айтқанда, тауық жылының біздің салаға тарту еткен сыйы көп болды. Айталық, осы жылдың өзінде ауданымызға қарасты елді мекендерде бой көтеріп жатқан медициналық нысандар жетерлік. Одан бөлек, аудан орталығынан 150 орындық жаңа типтегі аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ науқастарға ем жүргізуде қолданылатын көп мүмкіндіктерге ие арнайы құрылғылар берілуде.
Жалпы, халқымыз «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген тәмсілді жиі қолданады ғой. Осы ретте, мен де тарих қойнауына кеткелі тұрған тауық жылының Арал ауданына жасаған тартуы мол болды дей аламын. Ал келер ит жылының да ырыс-несібесі аз болмас деп ойлаймын. 
Себебі, ата-бабаларамыз да тарих жылнамасындағы осы ит жылын жақсы жыл деп қабылдаған ғой. Демек, алдағы жыл айбыны асқақ еліміздің абыройын асқақтатып, алдағы жоспарларды толыққанды жүзеге асыра білумізге септігін тигізеді деп білеміз. 


Жасұлан ҚАЛМАҒАНБЕТОВА,

Арал аудандық орталық ауруханасының бас мейірбикесі,

Аудандық «Толқын» газеті

15 қаңтар 2018 ж. 956 0