Аралдағы «Денсаулық жолы - 2018» акциясы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жфлдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылға арналған саламатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың профилактикасы бойынша салааралық бағытта Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Ж.Абдусаметовтың 28.06.2018 ж №577 «Кең ауқымды «Денсаулық жолы-2018» акциясын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде халықтың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, ерте сатыда ауруларды және қауіп факторларын анықтау мақсатында 16-17 шілдеде «Денсаулық жолы-2018» ұранымен акция ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған акцияның негізгі мақсаты - аурудың бастапқы кезеңін және тәуекел факторларын айқындау үшін жас ерекшеліктеріне сәйкес скринигтен өту қажеттілігін, профилактикалық медициналық тексерілуден уақытылы өтудің маңыздылығын халықтың назарына жеткізу.Ол уақтылы ем қабылдауды, сауығып кетуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ асқынуға, мүгедектікке және өлімге әкеліп соқтыратын аурудың күрделі түрінің дамуын тоқтатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ағзаны сауықтыру, жүгіру, жаяу жүру денсаулықты нығайтудағы ең қарапайым тәсілдер екендігін халыққа түсіндіру, көпшілікті физикалық белсенділікке тарту.
Акция барысында барлығы 554-ге жуық тұрғын облыстық онколог, педиатр, кардиолог және аудандық аурухананың жылжымалы көшпелі медициналық қызмет мамандарының тексеруінен өтіп, ұйымдастырушы мамандармен халыққа скринингке байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді, дене белсенділігіне байланысты емхана қызметкерлері және келіп қаралушылар арасында пікір алмасу, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда онкологке-17, кардиологке-23, педиатрге-25, гинекологке-95, УЗИ-140, ЭКГ-120, хирург-54, окулист-80 адамдарға медициналық қызмет көрсетті. Тұрғындарға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.









