АҚ «Халық банк» мекемесіндегі туберкулезге қарсы шара
16.03.2021 жылы Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні 24 наурыз күніне орай туберкулездің алдын алу жөнінде айлық өткізілуде.
Бүгінгі кездесуді аудандық АҚ «Халық банк» мекемесінде Арал аудандық фтизиатриялық қызмет көрсету бөлімшесінің мейірбикесі Тлепбаева.Ә. жүргізді. Шара барысында қызметкерлерге, тұтынушыларға туберкулездің алдын алу туралы танымдық үнпарақтар таратылды.
Айлық өткізудің мақсаты: халықты профилактикалық шаралармен қамту, оларды туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында медициналық көмекке жүгінудің маңызы және уақытында емделудің тиімділігі туралы ақпараттандыру.