"Н.К.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейінің" қызметкерлеріне және оқушыларына арнап өткізілген туберкулезге қарсы шара
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні (24-наурыз) аясында 24 ақпан - 24 наурыз аралығында туберкулездің алдын алу айлығы өткізілуде. Соның негізінде 2021 жылы 15-ші наурызда "Н.К.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейінің" қызметкерлеріне және оқушыларына Арал аудандық фтизиатриялық қызмет көрсету бөлімшесінің дәрігері Жолдасов.С.Т семинар-тренинг өткізілді. Қатысқан жалпы қызметкерлер саны - 15. Семинарға жоспарланған бағдарлама бойынша туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында медициналық көмекке жүгінудің маңызы және уақытында емделудің тиімділігі туралы баяндама оқыды. Баяндамадан соң қызметкерлер және оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.