№260 орта мектептегі туберкулезге қарсы шара
2021 жылдың 24 ақпан - 24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулез күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу туралы айлык өткізілуде. Соған сәйкес 16.03.2021 жылы Арал ауданы №260 орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларының арасында «Уақыт өтуде. Туберкулез ауыртпалығын төмендету бойынша 2022 жылғы мақсаттарға бірге жетеміз!» тақырыбымен Арал аудандық фтизиатриялық қызмет көрсету бөлімшесінің аймақтық фтизиатры дәрігер Қазиев А.Б. семинар-тренинг өткізіп, туберкулез ауруы жөнінде кеңінен мағлұмат берді. Семинар барысында ұстаздар мен оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ақпараттандыру мақсатында буклеттер мен үнпарақтар таратылды.