Арал аудандық №83 орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары арасындағы туберкулезге қарсы шара
2021 жылдың 24 ақпан - 24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулез күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу туралы айлык өткізілуде. Соған сәйкес 11.03.2021 жылы Арал аудандық N83 орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларының арасында «Уақыт өтуде. Туберкулез ауыртпалығын төмендету бойынша 2022 жылғы мақсаттарға бірге жетеміз!» тақырыбында Арал аудандық фтизиатриялық көмек көрсету бөлімшесінің мейірбикесі Калабаева Б.К және мектеп аяжаны Курманкулова М ашық әңгіме, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға 104 ақпараттық танымдық парақшалар таратылды.