» » Ауруханада екпе жұмыстары басталды

Ауруханада екпе жұмыстары басталды

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 «Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын-алу жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, бүгін Арал ауданында коронавирустық инфекцияға қарсы екпе егу жұмыстары басталды. Қаулыға сәйкес, Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алдымен инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары адамдарға салынады. Құжатта осы санаттағы мамандардың тізімі көрсетілген. Сол кезек бойынша барлығы екпе алады. Олар:

медицина қызметкерлері, ең алдымен, инфекциялық ауруханалар, жедел жәрдем, реанимация бөлімшелері, науқастарды қабылдау бөлмесі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшылары;

Қауіпті індетке қарсы вакцина салдыруды ауданда бірінші болып Аудандық аурухана бас дәрігері өзінен бастады. Содан соң жұқпалы аурулар бөлімшесі аяжандары және провизорлық стационар қызметкерлері екпе егуді жалғастырды. Екпеден соң күту залында 30минут бақылауда болып, денсаулықтарына еш шағым болмады. Короновирус инфекциясына қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасының ауданға 210 дозасы жеткізілген. Ал қалған дозалары кезең-кезеңімен жеткізілетін болады. Вакциналау жұмыстарын жүргізу үшін "Байтұрсынов" ауылдық емханасында санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарға сай егу бөлмелері дайындалған. Екпе егуге 4 дәрігер, 4 медбике және 2 медициналық тіркеуші мамандары жұмылдырылған.