"Обырсыз өмір!" ұлттық бағдарламасының онкүндігі
14 ақпан 2018 жылы "Амбулаториялық емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы" дәрігерлері, психологтары және салауатты өмір салтын қалыптастыру оралығы мамандарымен бірлесіп онкүндік аясында «МККБ-2ПБ» Арал аудандық күзет бөлімшесі қызметкерлеріне «Обырсыз өмір – шат күлкі көңіл» атты шара ұйымдастырды. Шара дене белсенділігіне жұмылдыруға, өз денсаулықтарына ортақ жауапкершіліктерін қалыптастыруға, онкологиялық аурулардың алдын алуға, белсенді өмір салтын насихаттауға бағытталған. Кездесу барысында аталған тақырыптар бойынша үнпарақтар таратылды. Сондай-ақ Арал аудандық көсалалы колледждің 18-19 жас аралығындағы студенттерімен спорттық жарыстар өткізілді. Жарысқа 4 команда қатысты. Жүлделі орын жеңімпаздары марапатталып, сыйлықтар таратылды. Оған қоса студенттердің салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тақырыптық үнпарақтар үлестірілді. Семинар барысында рөлдік ойындар ойналып, тақырып мазмұны қатысушылардың жадында қалды. Қойылған сұрақтарға жауап қайтарылды.