АРАЛ АУДАНЫНДА «ДИАЛИЗ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Кез келген елдің жоғары деңгейде өркендеп дамуының басты алғышарттарының бірі – халқының мықты денсаулығы. Міне, сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында Қазақстанның денсаулық сақтау саласына айрықша дамытуға басымдық беріп келеді.
Осы ретте, бүгін Арал ауданында ЖШС «B.B.NURA» амбулаторлы диализ орталығының ашылу салтанаты өтті.
Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде жыл сайын бүйрек-алмастырушы терапиясын қажет ететін науқастардың саны айтарлықтай өсуде. Соның ішінде, аудан тұрғындарының да үлесі біршама.
Еске сала кетейік, 2016 жылы аудан әкімінің қорытынды есебінде аудан тұрғындары тарапынан «бүйрек жетіспеушілігінен зардап шегетін науқастарды» емдеу орталығын ауданымыздан ашуға ұсыныс түскен болатын.
Жергілікті халықтың тілек-талаптары ескерусіз қалмай, аудан әкімдігі мен аудандық орталық ауруханасы облыстық денсаулық сақтау басқарамсымен бірлесе келе республика бойынша үздік деп танылған ЖШС «B.B.NURA» амбулаторлы диализ орталығымен келіссөздер жүргізген еді. Мінекей, бүгін осы нәтижелі жұмыстардың арқасында үлкен жаңалық орын алып, аудан тұрғындарының игілігі үшін «Диализ орталығы» есігін айқара ашты.
Әлеуметтік нысанның ашылу салатанатына қатысқан аудан басшысы М.Оразбаев тұрғындарды құттықтап,
- «Аталмыш орталық бұған дейін тек үлкен қалаларда қолжетімді болса, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған орталық бүгін біздің тұрғындарымыз үшін де қызмет көрсететін болады. Ауданда «созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне» шалдыққан науқастар саны 12 адамды құраса, енді осы есепте тұрған науқастарымыз алыстан ем іздемей, білікті нефролог мамандардың сапалы әрі шипалы емін алады деген сенімдеміз», - деп орталықтың ашылуына атсалысқан облыстық денсаулық басқармасына, «B.B.NURA» диализ оталығының басшылығына ризашылығын білдірді.
Одан әрі, шараға арнайы келген орталықтың медициналық директоры Марат Әбубәкіров сөз алып, мұнда, созылмалы бүйрек жетіспеушілігін емдеудің еуропалық стандарттарына көшу және гемофильтрация рәсімдердін енгізу, терапия тиімділігін арттыруға, асқынулар қаупін азайтуға және науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік жасалатынын атап өтті. Сонымен қатар, игі іске куә болған жұртшылық атынан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Айбосынов және бүйрек ауруынан есепте тұратын емделушілер атынан Қ.Алдашева ізгі тілектерін жолдап, алғыстарын білдірді.
Арал Ауданы Әкімдігі