» » Перзентханалық бөлімше

Перзентханалық бөлімше

Перзентхана бөлімінің УДЗ дәрігері

Алдакияр Махамбетжанов 1948 жылы 18 желтоқсанда Арал ауданы, "Жаңақұрылыс” елді мекенінде дүниеге келген. 1972 жылы Қырғызстан мемлекеттік медицина институтын "емдеу ісі” мамандығы бойынша бітірген. 1972-1973 жылдары Фрунзе қаласының №2 қалалық ауруханасында "хирургия” саласы бойынша интернатурадан өткен. 

1972 – 1973 жылдары Нарын облыстық ауруханасы, хирургиялық бөлімше дәрігері, 1973-1975 жылдары №2058 әскери бөлімнің медициналық көмек бекетінің дәрігері, 1975-2000 жылдары Арал аудандық ауруханасының перзентхана акушер-гинекологы, 2000 жылы Арал аудандық перзентхана бас дәрігері қызметтерін атқарған. 1990 жылдан бастап аурухананың перзентхана бөлімінде ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) дәрігері. Ол УДЗ бойынша жоғары санаттағы дәрігер.     

Соңғы білім жетілдірулері:

- 2010 жылы ҚР ДСМ АГ және П ҒО, Алматы, 162 сағат, "Медициналық генетиканың өзекті сұрақтары”;

- 2013 жылы, Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, 108 сағат, "Ультрадыбыстық диагностика”;

Ол жүкті әйелдер мен гинекологиялық науқастарға ультрадыбыстық зерттеу, яғни визуалды сәулелік диагностика жүргізеді. 

"Тошиба-350 А Коревизион” УД жабдығында жұмыс істейді.

Ультрадыбыстық диагностиканың төмендегі тәсілдерін жетік меңгерген:

Құрсақ қуысы ағзаларын УД зерттеуде:

- бауыр ісіктері, кисталар, созылмалы гепатиттер, бауыр қатпасы (циррозы), қатерсіз және қатерлі ісіктер және т.б. анықтау.

- өт қалтасын және өт шығару жолдарын тексеруде тастарды, паразиттерді, қабыну кеселдерді, даму ауытқуларын және т.б. анықтау.

- талақты УД тексеруде кисталарды, қабыну үдерістерін және т.б. анықтау. 

- ұйқы безін тексеруде кисталар, тастар, қатерсіз және қатерлі ісіктер және с.с. визуациялау. 

Әйелдердің жыныс ағзаларын УД зерттеуде:

- жатырдың даму ауытқулары, қабыну үдерістері, қатерсіз және қатерлі ісіктер және с.с. 

- жатыр қосымшаларын УД тексеруде кисталар, гидросальпинкс, пиосальпинкс және ұрықтың түтікке бітуі және т.б.  

Ұрық пен нәрестелерді тексеруде:

- даму және жетілу ауытқулары, өлі ұрық және с.с. 

Қалқанша безді УД зерттеуде:

- қабыну үдерістері, кисталар, қатерсіз және қатерлі ісіктер, т.б.

Бүйректі УДЗ тексеруде:

- даму ақаулары, орналасуының ауытқулары, қабыну үдерістері, ісіктер, кисталар, тастар, іріңдіктер, гидронефроздар.

Қуықты УД тексеруде:

- тастар, қабыну үдерістері, ісіктер, іріңдіктер және т.б. анықтау.

Ол аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде сіңірген ұзақ жылғы еңбегі үшін 2015 жылы Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің 

«Сыр медицинасы» облыстық қоғамдық бірлестігінің "Сыр медицинасының үздігіне” медалімен (куәлік №1) және "Сая” мейірімділік Қорының "Денсаулық саласы үздігі” медалімен (куәлік №18) марапатталған. А. Махамбетжанов зейнеткерлікке шыққанына қарамастан белсенді еңбектен қол үзген жоқ.