Хирургиялық бөлімше
Хирургиялық бөлімшеде жоғары санаттағы 1 хирург және 1 медицина ғылымының кандидаты жұмыс істейді.
Аудандық орталық аурухананың хирургиялық бөлімшесінде облыс көлемінде жасалатын оталар түгелге жуық жасалады. Олар: струмэктомия (қалқанша безді алып тастау), аденомоэктомия (аталық безді алып тастау), нефроэктомия (бүйректі алып тастау), холецистоэктомия (өт қалтасын алу), асқазан резекциясы (кесу), бүйрекке пластикалық операциялар.
Толыбай Жұмашұлы Медетов 14.03.1958 ж дүниеге келген. 1975 ж Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, оны 1981 ж «емдеу ісі» мамандығы бойынша «үздік» дипломмен бітіріп шықты. 1981-1982 жж аралығында Қызылорда облыстық ауруханасында интернатурадан өтті, 1982 -1986 жж аралығында Арал аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімшесінде хирург дәрігер, 1986 ж бастап осы кезенге дейін хирургия бөлімшесінің меңгерушісі. Медицина ғылымдарының кандидаты.
2001 ж «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2004 ж «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Отбасылы, 5 бала тәрбиелеуде.
Жүсіпов Әмірхан Ізбайырұлы жоғарғы дәрежелі дәрігер хирург, «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігіне» төсбелгі иегері, Халықаралық гепатолог хирургтер ассоциациясының, Қазақстан хирургтер ассоциациясының, Қазақстан эндоскопиялық хирургтер ассоциациясының мүшесі, Арал аудандық ауруханасының хирургия бөлімшесінің дәрігер хирургы.
Ол 1959 жылы 1 шілдеде Арал қаласында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын үздік бітірген. 1982 жылдан Арал аудандық ауруханасында дәрігер онколог, дәрігер уролог, аудандық аурухананың емхана жөніндегі орынбасары, 1991-1999 жылдары емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
Қазіргі таңда хирургия бөлімшесінің дәрігері. 2 өнертабыс патентінің авторы, Халықаралық және республикалық ғылми медициналық басылымдарда жарық көрген 10 нан аса мақаланың авторы. 2007 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық хирург гепатологтар конгрессінде «Арал аудандық ауруханасы жағдайында бауыр жарақатын емдеу» тақырыбында баяндама жасаған. Халықаралық хирург гепатологтардың XIIІ , XIV конгресстерінің, Қазақстан хирургтерінің ІІІ–ІV-VІ конгресстерінің, Қазақстан эндоскопиялық хирургтерінің ІІІ конгрессінің делегаты. Аудандық аурухана жағдайында бірнеше күрделі оперативтік ем жасау тәсілдерін ендірген. 2013 жылдан аурухана тәжірибесіне облыс аудандарының ішінде алғаш рет эндовидеохирургиялық операциялар жасауды ендірді.
Жоғары санатты дәрігер. 2004 ж «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Арал ауданының құрметті азаматы» атағымен марапатталған. 2015 жылғы облыстық патриоттар форумының «Жүрек жылуы» номинациясының иегері.
Жанұялы, 3 бала тәрбиелеуде.
Жасұлан Зәкірқызы Қалмағамбетова13.04.1959 ж дүниеге келген. 1977 ж Қызылорда медучилищесіне түсіп, оны 1979 ж «мейірбикелік іс» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1979-1999 жж аралығында Арал аудандық орталық ауруханасының терапия бөлімшесінде кезекші мейірбике, 1999-2005 жж аралығында терапия бөлімшесінде аға мейірбике, 2005 ж бастап «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасының» хирургия бөлімшесінде аға мейірбике болып жұмыс істейді. Жоғары санатты мейірбике. ҚР ДСМ-нің Алғыс Хаттарымен, облыс, аудан әкімдерінің Алғыс Хаттарымен марапатталған.
Әлімбетова Лайық Төлегенқызы 20 10 1958ж дүниеге келген. 1975ж Қызылорда медучилищесіне түсіп 1977 ж«мейірбикелік іс» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1977ж-2013ж аралығында Арал аудандық орталық ауруханасының тері аурулар бөлімшесінде кезекші мейірбике ,2013 ж бастап Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімшесінде кезекші мейірбике болып жұмыс істейді. Жоғары санатты мейірбике. Жанұялы 5 бала тәрбиелеуде. Аурухана кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен ,бағалы сыйлықтарымен марапатталған.
Бимағамбетова Динара Темірбекқызы 09 11 1991ж дүниеге келген . 2009ж Ақтөбе медколледжіне түсіп 2012ж «мейірбикелік іс» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2013ж бастап Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімшесінде күндізгі мейірбике болып жұмыс істейді. Жанұялы. Аурухана кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен ,бағалы сыйлықтарымен марапатталған.
Бимағамбетова Гүлнар Енсепбайқызы 03 03 1961 ж дүниеге келген т. 1979 ж Қызылорда медучилищесіне түсіп 1981ж «мейірбикелік іс» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1981ж-1984 ж аралығында Қызылорда қаласында балалар үйінде мейірбике,1984 жылдан бастап Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімшесінде күндізгі мейірбике болып жұмыс істейді. Бірінші санатты мейірбике. Жанұялы, 3 бала тәрбиелеуде. Аурухана кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен ,бағалы сыйлықтарымен марапатталған.
Тілегенова Жұмагүл Есбергенқызы 21 04 1989 ж дүниеге келген . 2006ж Қызылорда медколледжіне түсіп 2009 ж «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2011ж бастап Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімшесінде күндізгі мейірбике болып , 2013ж бастап таңу бөлмесінің мейірбикесі болып жұмыс істейді. Жанұялы, 2 бала тәрбиелеуде. Аурухана кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен ,бағалы сыйлықтарымен марапатталған.
Сайымова Күлжакан 25 01 1962 ж дүниеге келген . 1979 ж Түркістан медучилищесіне түсіп 1981 ж «мейірбике ісі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1981ж бастап Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімшесінде кезекші мейірбике болып жұмыс істейді. Жанұялы, 5 бала тәрбиелеуде. Аурухана кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен ,бағалы сыйлықтарымен марапатталған.
Ержанова Гүлнұр Жылқайдарқызы 22 09 1975 ж дүниеге келген . 1993 ж Ақтөбе медучилищесіне түсіп 1995 ж «мейірбике ісі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1995ж- 2008ж аралығында Арал аудандық орталық ауруханасының тері аурулар бөлімшесінде күндізгі мейірбике, 2013ж бастап Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімшесінде кезекші мейірбике болып жұмыс істейді. Жанұялы, 3 бала тәрбиелеуде. Аурухана кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен ,бағалы сыйлықтарымен марапатталған.