ҚҰТТЫҚТАУ


Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың

ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін медицина қызметкерлері

ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді

жалғайды.

Мансаптың да, қызметтiң де, атақтың да, байлықтың да дәрiгер үшiн құны

маңызды емес. Дәрiгерге ең қажеттісі – адамның денсаулығы, оның тағдыры.

Науқас адам жанына дәру iздеп, дәрiгерге барары хақ. Үмiтке үмiт жалғап,

ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын да осы ақ халатты абзал жандар.

Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын

қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халатты періштедей

көз алдында көлбеңдей жүріп, жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп,

сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген

құлшынысын арттырып,ертелі-кеш ерінбей ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-

сауабын арқалаған медицина қызметкерлері.

“Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа

бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті

сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі”.

“Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы”, сондықтан барлық медицина

қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш-қайрат және

отбасыларына береке тілеймін.

Ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!


Ізгі тілекпен, «Арал ауданаралық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК

бас дәрігері Марат Құбылұлы Ршымбетов__

15 маусым 2019 ж. 1 555 0