» » ЕКПЕДЕН БАС ТАРТУ – ЕРТЕҢГЕ ҚАУІП

ЕКПЕДЕН БАС ТАРТУ – ЕРТЕҢГЕ ҚАУІП

Өткен жылы өңірімізде 176 адам медициналық екпеден бас тартсабиылғы жылдың жарты жылында 69 тұрғын екпені қабылдауды қаламағанОлардың қатарында діни ұстанымдарына байланысты екпені мақұл көрмейтіндер бар көрінедіДәрігерлер түсіндіру жұмыстарының арқасында ағымдағы жылы көрсеткішті 3 есеге дейін төмендеттік дейдіАлекпені дер кезінде қабылдау көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседіСондықтан аймақ халқының медициналық екпе туралы дұрыс түсінігін қалыптастырыпнасихат жұмыстарын жандандыру қажетОсы мақсатта Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне арналған семинар өтті.

Денсаулық үйінде өткен шарада облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім меңгерушісі Бибізада Дүйсенбаева ағымдағы жылы 69 адамның екпеден бас тартқандығын жеткіздіАйтуынша бас тартқандардың 31 пайызы екпе салуды тиімсіз деп тапса, 24 пайыздан астамы вакцинаның сапасына көңілі толмайтындықтарын білдірген екенБибізада Әшімқызы вакцина қабылдаған әрбір адам 72 сағат ішінде денсаулығын күтсе ешқандай кері әсері болмайтындығын айтады.

Облыстық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесідінтанушы-теолог маман Батырбек Убаев діни ұстанымдарын себеп етіпекпеден бас тартатындардың дені дінді дұрыс түсінбегендіктен дейдіСондықтан діни себептерге байланысты вакцинадантранспланттауданқан құюдан және басқа да медициналық көмектерден бас тартатындар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет деген пікірдеАлҚорқыт ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы Әлібек Жаппасбаев қазіргі таңда ислам мемлекеттерінің вакцинаға көңіл бөлгендігінтіпті қажылық сапарға баратындар үшін менингококк вирусына қатысты екпенің міндеттелгендігін жеткізді.

Жиын соңында Дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандары мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері бірлесіптұрғындар арасында екпеге қатысты түсіндіру жұмыстарын жандыру мәселелерін талқылады.

Ерқанат СӘРСЕНБАЙ,

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының

Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы

http://www.syrboyi.kz/zedelnews/24520-ekpeden-bas-tartu-ertege-aup.html 
13 қыркүйек 2018 ж. 1 012 0