МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ - АРАЛДА
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай және Амангелді Дәуренбеков жұмыс сапарымен Арал ауданына келді. Сапар барысында халық қалаулылары ең алдымен аудан активімен және белсенді жастар өкілдерімен кездесті. Елбасының биылғы Жолдауы мен наурыз айында жария еткен «Бес әлеуметтік бастамасын» кеңінен талқыланған кездесуді аудан әкімі М.Оразбаев ашып, жүргізіп отырды. Келелі кездесу барысында зейнеткер, КСРО және Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Аманжол Жолмағамбетов сөз алып, ауданымыздың жылдан жылға өркен жайып келе жатқанын тілге тиек етіп, бүгінгі қол жеткізген жетістіктер жолында Елбасының қолдауына аралдықтар атынан алғысын жеткізді. Сонымен қатар, кездесуге келгендер тарапынан бірқатар сауалдар жолданып, тиісті жауаптар берілді.
Одан әрі Мәжіліс депутаттары ауданға қарасты Жақсықылыш кентіндегі «Аралтұз» АҚ-ның жұмыс барысымен танысып, зауытта атқарылып жатқан ауқымды шараларды өз көздерімен көрді.








