АЛҒЫС АЙТАМЫН

Ауру айтып келмейді. Жас келген соң әр жеріміз ауырып, денсаулығымыздың сыр беруі – заңды құбылыс. Осы жылдың мамыр айында жүрегім сыр бере бастады. Әдеттегіше дәрігер көмегіне жүгіндім. Осы орайда, маған жаншарлықпен қарап, жүрекке уақыт оздырмай ем жүргізу керектігін айтқан қаладағы орталық емхананың жүрек ауруы дәрігері Бижанова Лайық Сатыбалдықызына алғыс айтқым келеді.
Сол маманның кеңесіне құлақ асып, Алматыдағы «Сема» атты қазақ-түрік клиникасына барып қаралдым. Ол жақтағы мамандар дер кезінде келгенімді айтып, маған ота жасады.
Міне, Алланың қалауымен отадан соң, аман-есен еліме оралдым.
Осы ретте, маған кеңес берген дәрігер Лайық Бижановаға тағы да мың мәрте алғыс айтқым келеді. Сізге Алланың нұры жаусын. Бақытты да баянды ғұмыр кешіңіз.
 
Бақытжан БАЖИКОВ,
Арал қаласы, Тәжі Палуан көшесінің тұрғыны.
 
Аудандық «Толқын» газетінен. 
28 қыркүйек 2017 ж. 764 0