» » Бақылау кеңесі мүшесіне конкурс

Бақылау кеңесі мүшесіне конкурс

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Амбулаториялық – емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына бақылау кеңесінің мүшесі лауазымдық қызметіне Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы конкурс жариялайды.
Конкурс өткізілетін күн: конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялағаннан бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің аяқталуына дейін.
Конкурс өткізілетін орны: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, мекен жайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27,  №207 бөлме.
Кәсіпорын атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Амбулаториялық – емханалық қызметі бар Арал аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК, индексі 120100, Қызылорда облысы, Арал қаласы, А. Байтұрсынов   көшесі №75, байланыс телефоны:          8 (72433) 2-23-03,  e-mail: crb-aral@mail.ru
Негізгі қызметі: аудан халқына амбулаториялық - емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету.
Бақылау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар жоғары білімінің болуы, сондай-ақ төмендегі мынадай талаптарының бірінің:
 1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
 2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
  3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің                                 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прократурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аймақтық бөлімшелерінен соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігі туралы берілген растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Үміткер конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып жапсырады. Бұл конвертте үміткердің аты, жөні, тегі және мекенжайы көрсетілуі тиіс.
Қажетті құжаттар   Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27-үй, мекенжайы бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуы тиіс.
Анықтама үшін байланыс телефоны:  8 (7242) 40-04 – 51 (3030, 3037)